1962

Волонтерлік бастамаларды қолдау бойынша шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Елордада 1 қазанға дейін жастардың волонтерлік жобаларын жүзеге асыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы байқаудың ұйымдастырушылары хабарлады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, волонтерлік бастамаларды қолдау бойынша шағын гранттар байқауы қыркүйек айының ортасында басталды. Конкурс аясында жастар өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 22 жеңімпаз анықталады.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы белсенді жастары қатыса алады. Егер өтініш жекелей берілген жағдайда, өтінім беруші 14 жастан асқан болуы тиіс.
Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісі мен мүшелері 14-29 жас аралығында болуы тиіс. Байқауға қатысуға бастамашыл топтың басшысы барлық мүшелерін көрсете отырып, өтінімді тікелей беруге тиіс.

«Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады: экологиялық ағарту жұмыстары бойынша; оқушы, студент жастар мен әлеуметтік топтарға білім беру; балалар және қарттар үйіндегі адамдарды қолдау; мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау; мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарихи ескерткіштерді, мәдени-мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау; құқық қорғау және табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу; инновациялық жобалар; ғылыми жаңалықтар; компьютерлік бағдарламалау; экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастыру; әлеуметтік мәдени және спорттық  жобалар; шығармашылық және қайырымдылық іс-шаралар; медициналық бағыттағы және карантин кезінде іске асырылатын жобалар; әдебиет пен тілге қатысты жобалар; жастар белсенділігін дамытуға арналған жобалар; бапқа сай келетін басқа бағыттар», – делінген конкурсқа қатысу ережесінде.

Жоба келісімшартқа қол қойылғаннан бастап 2 ай көлемінде жүзеге асырылуы тиіс. Карантин режимі күшейтілген жағдайда жобалар онлайн/офлайн форматта жүргізіледі.

Жоба аясында еңбек ақы төлеуге, кеңсенің қамтылуына және басқа да әкімшілік шығындарға жұмсауға болмайтынын да атап өткен жөн. Шығындар волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін түрлі шығыс материалдарына (жабдықтау, құрал-сайман, құрылғыны жалға алу және т.б.) жұмасалады.

Байқауға қатысу үшін жобалық өтінімдерді осы талаптарға сай етіп рәсімдеп,  pdf форматында volonter_zhastar@bk.ru электронды почтасына жіберу қажет.

Іріктеудің аяқталуы туралы хабарландыру ұйымдастырушылардың ресми сайты www.adyrna.kz мен @NS_JASTARY instagram парақшаcында жарияланады.
Instagram: @ADYRNA.KZ/ @NS_JASTARY

Айта кетсек, конкурс Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен  «Волонтерлік бастамаларды қолдау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында өткізілуде. Ұйымдастырушы - "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігі. Барлық сұрақтар бойынша жоба үйлестірушісіне телефон арқылы хабарласуға болады: + 7 (747) 933 91 09.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109