1555

Елорда әкімі IT-кеңестің құрылғаны туралы мәлімдеді

IT-кеңес тәжірибе алмасуға, жобаларды талқылауға және жаңа трендтерді анықтауға бағытталатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Замануи технологиялар бір орнында тұрмай, жоғары қарқынмен дамып келеді. Цифрландыру өміріміздің барлық саласында маңызды рөл атқарады. Бізге бастысы қала тіршілігін қамтамасыз ету үшін одан да қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды белсенді түрде енгізе беру қажет.

Пандемия бізге электрондық қызметтерді дамыту қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Мысалы, төтенше жағдай режимі кезінде азық-түлік жүктері бақылау-өткізу бекеттерінен еш кедергісіз өтуі үшін жасыл дәліз құрдық. Яғни, жүк көліктері жүргізушілеріне кезекте тұрып, қағаз құжаттар арқылы жүк пен қозғалыс бағытын және тағы басқаны қайта-қайта растау керек болмады. Бұл мәліметтер электрондық базаға енгізілді. Жедел медициналық жәрдем стансаларының жұмысын жеңілдеткен бірқатар қосымша мен база құрылды. Медициналық ұйымдар телемедицинаға көшті. Бұндай мысал көп.

Цифрлық технологияларды одан әрі дамытып, оларды өміріміздің барлық саласына енгізу үшін IT-кеңес құрдық. Ол тәжірибе алмасу, жобаларды талқылау мен жаңа трендтерді анықтаумен айналысады. Бүгін «Аstana IT University» базасында бірқатар маңызды бағытты талқыладық.

Бірінші. Қала мектептеріне STEM-технологиялар енгізіп жатырмыз. Бұл оқушыларға 3D-объектілер жасауға, роботтарды модельдеуге, ғылыми-техникалық білімді бірден тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әрине оқуға деген қызығушылықты арттырып, сабақ үлгерімін жақсартады, болашақ мамандығын таңдауға да көмектеседі. Жаңа мектепте (Сауран көшесі, 5/1) қашықтан оқуға арналған техникамен жабдықталған онлайн-студия ашылды. Мұғалімдер студияда онлайн-сабақтар түсіріп, вебинарлар мен тікелей көрсетілімдер өткізе алады. Одан әрі бұндай тәжірибені басқа мектептерде де қолданамыз. Бұған қоса электрондық оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр. Олар балаларға қандай да бір тақырыптың түсініктемесін интерактивті тақтадан анық көруге мүмкіндік береді.

Екінші. Инженерлік желілерді цифрлау. Көшелер мен даңғылдар астында мыңдаған шақырым инженерлік коммуникация жатыр. Олар су құбыры, электр, кәріз, байланыс желілері. Әр адамның өмір сүру сапасы олардың үздіксіз жұмысына байланысты. Өкінішке қарай, мамандар жұмыс барысында жиі кездесетін проблема – инженерлік желілердің орны мен жағдайы туралы қағаздағы мәліметтің шынайы ахуалмен сәйкес келмеуі. Осының салдарынан желілер жарылып, басқа да оқиғалар кездесіп жатады. Ал цифрлау болса бізге барлық инженерлік желіні: жүктеме мен олардың жағдайын көруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жөндеу жұмыстарын уақытында жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатты арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және тағы басқа әрекеттерге жол ашады. Қазір бүкіл қаланың шамамен 50% цифрладық.

Үшінші. Бейнебақылау камералары. «Сергек» камераларының арқасында жол апаты санын 20%, жолдағы өлім-жітім көрсеткішін 40% төмендете алдық. Қазір басқа ведомстволардағы әріптестеріммен бірге «Қауіпсіз аула» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ұрлық, бөтеннің мүлкін бүлдіру мен басқа да заң бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік – бұл ең маңызды нәрсе.

Сондай-ақ, тұрғын үй кешендерінде «ақылды» шлагбаум мен автомашинаның мемлекеттік номерін танитын жүйелерді орнату бойынша жобаны іске қосқалы отырмыз. Бұл технология жедел қызмет көліктеріне үй ауласына еш кедергісіз кіруге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін тұрғын үй кешендерінің 30% дейін «ақылды» шлагбауммен қамтуды жоспарлап отырмыз.

Президент халыққа жолдауында «цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» деген болатын», деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109