2602

БЖК 2025: Нұр-Сұлтанда жеңілдетілген шағын несие беру бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

Жеңілдетілген несиенің басым бөлігі "Даму" Қорының кепілдігімен жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

"Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасындағы жаңа бағыт шағын және микробизнес үшін іске қосылды. Енді кәсіпкерлерге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несие алуға болады. Бұл ретте оның басым бөлігіне "Даму" Қоры кепілдік береді.

Осы бағыт бойынша бірінші қарыз Альфа-Банктің елордалық филиалында берілді, банк серіктес ретінде қызмет етеді. Шағын несиені "Компания СТС. AUTO» жеке кәсібінің иесі рәсімдеді. Кәсіпорын Горький автомобиль зауыты (ГАЗ) өнімдерінің желісі бойынша автобөлшектерді сатуға маманданған.

"Кәсіпорын өз бизнесін несиелеу саласында қолдау көрсету үшін "Даму" Қорының құралдарын бірнеше рет пайдаланған. БЖК 2025 жаңа бағытын іске асыруға байланысты сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және кредиттер бойынша ішінара кепілдік беруді ұсыну бойынша кәсіпкер ЖК "Компания СТС. AUTO " қолда бар қолдауды пайдаланып, нәтижесінде Альфа-Банкке 17,5% үлес бойынша 4 млн теңге сомаға қарызды ресімдеу үшін жүгінді. Оның 11,5% – ын кәсіпкерге "Даму" Қоры өтейтін болады", - деп хабарлады елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.

Сондай-ақ, несие бойынша кепілзаттың жетіспеуіне байланысты қарыз алушыға "Даму" қоры жоба сомасының 85% мөлшерінде кепілдік берілді, бұл 3 млн 400 мың теңгеге тең.

"Көптеген жылдар бойы өз бизнесімді іске асыру және кеңейту үшін" Даму " Қорының қолдауын бірнеше рет пайдаланып келемін. Өте ыңғайлы және процесті жылдамдату үшін артық құжат қажет емес. Қызмет көрсету жақсы деңгейде екені байқалады", - деп атап өтті бизнесмен.

Барлық сұрақ бойынша толық жауапты "Даму" Қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық филиалынан, Мәңгілік Ел даңғылы, 55а, "Бәйтерек" бизнес орталығы, 1-қабат немесе 1408 қысқа телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109