3507

«Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн форматта басталды

Кез келген ғаламтор пайдаланушы сайыс барысын бақылай алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

28 қыркүйекте Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қатысуымен «Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсімі онлайн-форматта өтті. Елордалық «Ақсұңқар» командасы қалалық әкімдіктің білім, жастар саясаты мәселелері басқармалары мен қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшылығымен бірге ашылу салтанатына қатысты.

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мен әскери қызметті насихаттау, Қарулы Күштердің имиджін арттыру мақсатында 2015 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.

«Жиынға 15 адамнан тұратын 39 команда қатыспақ. Олар «Жас ұлан» республикалық мектебінің, облыстық әскери мектеп-интернаттарының, ҚР Қарулы Күштері әскери-патриоттық клубтарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері. Жиынға қатысушылардың жалпы саны 585 адамды құрайды. Алғашқы 2015 жылғы «Айбынның» жеңімпаздары атанған біздің қаламыздың оқушылары бұл жолы да олжалы болады деп ойлаймыз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы, полковник Мұрат Берікполов.

Жиынды өткізу үшін aibynonline.kz веб-сайтынан тұратын онлайн-платформа әзірленді. Онда жалпы ақпарат пен тұжырымдама, жарыс ережесі мен регламенті, жиынды өткізу бағдарламасы, оқыту және емтихан платформасы орналастырылған.

«Aibyn» мобильді қосымшасы арқылы веб-сайтқа кірген кез келген ғаламтор пайдаланушы сайыс барысын бақылай алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109