4093

Елордада банк карталарымен жолақысын төлеудің тағы бір жүйесі сыналып жатыр

№20 бағытта кез келген екінші деңгейдегі банк картасымен төлеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл төлем жүйесі тест режимінде жүзеге асырылады және шамамен бір айға созылады.

VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тизізу жеткілікті. Қажет болған жағдайда жолаушы электронды билетті smsbus.kz сайтынан ала алады. Валидатор экранында мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық билетті алуға сілтемелер көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, банк картасымен төлеу кезінде жол жүру құны 90 теңгені құрайды.

Айта кету керек, қазіргі жолаушылар ағыны жасайтын 400 мыңнан астам сапары кезінде жол ақысын банк картасы байланыстырылған мобильді қосымшалар арқылы төлеудің балама әдістерін қолданудың өсуі байқалады және бұл үлес жалпы айналымның 20% құрайды. Болашақта бұл үрдіс CTS-ке банк карталарынан тікелей төлем қабылдау мүмкіндігімен онлайн режиміне көшу міндетін қояды. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін CTS компаниясы бұрын банк карталарымен төлем қабылдау бойынша екі пилоттық жобаны жүргізді. Бұл пилоттық жобалар – толыққанды қосу алдында барлық бағыттарда әртүрлі валидаторлар мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік береді

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109