1840

Нұр-Сұлтанда тағы бір Арбат салынады. Жаяу жүргіншілер променады құрылысы жүргізілуде

Жаңа қоғамдық кеңістік Республика даңғылынан Қ.Қуанышбаев атындағы Қаздрамтеатрге дейін Омаров көшесінің бойында орналасады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Елордада тағы бір Арбат салынады. Жаяу жүргіншілер променады құрылысы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жаңа қоғамдық кеңістік Республика даңғылынан Қ.Қуанышбаев атындағы Қаздрамтеатрге дейін Омаров көшесінің бойында орналасады. Жаяу жүргіншілер променады екі театр арасындағы аумақты байланыстырады.

Республика даңғылы жағындағы фонтанды қайта құру жұмысын жүргіземіз. Ол жылғаға қарай ағады. Ал сол жылға бойында балаларға арналған сумен ойнайтын элементтер орнатамыз.

Бұған қоса Арбат аумағында қалалықтар мен елорда қонақтарының көңілінен шыққан аспалы әткеншек орнатылады. Балалар үшін жеке спорт және ойын алаңдары, тыныш аумақтар, коворкинг-орталық сынды тегін семинарлар мен тіл сабақтарын өткізуге арналған жеке зоналар жасалады.

Көпір асты кеңістігі аумағында (Сарайшық даңғылы) балаларға арналған экоалаң мен аспалы саябақ жасамақшымыз. Бұл идеяны да осы жерде іске асырамыз. Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейін веложол саламыз.

Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі. Себебі кәсіби спорт пен салауатты өмір салтына дейінгі жол аула спорты – қоғамдық кеңістіктер мен аулалардан басталады. Олар әр адамға қолжетімді болуы тиіс. Биыл 54 ірі қоғамдық кеңістік пен 150 аула жасап, абаттандырдық. Бұның өзі ғана 300 мыңнан астам адамды қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстарды келесі жылы да жалғастырамыз», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109