4123

COVID-19 қайта өршіген жағдайда мобильді бригадалар қалай жұмыс істейді

Мобильді бригадалардың жұмысы 5 мың тұрғынға бір бригада есебінен ұйымдастырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада коронавирустық инфекцияның қайта өршуіне ауруханалар мен стационарлар дайындалуда. Брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, Covid-19 асимптоматикалық формасы бар және ауруы жеңіл өтіп жатқан пациенттерді, сондай-ақ емханалардың провизорлық бөлімшелерінің мамандарымен байланыста болған адамдарды қашықтан емдеу  жалғасатын болады.

"Мобильді бригадалардың жұмысы үйге барып, жақындарынан ПТР әдісімен КВИ-ге жағынды алу арқылы,  шақыруларға көрсету үшін бес мың тұрғынға бір бригада қызмет етеді. Қалада барлығы 207 мобильді бригада бар. Жедел респираторлық аурулармен ауыратын науқастарды қабылдау бойынша сүзгі-кабинеттердің жұмысы күшейтілді", - деп түсіндірді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, МСАК деңгейінде пациенттерге медициналық көмек көрсету алгоритмі және ЖРВИ және КВИ кезінде қадамдық бағдарлау әзірленді.

"Инфекциялық және провизорлық стационарларға жатқызуды қажет ететін пациенттер ағынын бөлу мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында ахуалдық орталық ұйымдастырылды.

Чат-бот арқылы 103 қоңырауды өңдеу бойынша жұмыс жалғасуда.

Қажет болған жағдайда шақыруларға қызмет көрсету үшін жедел медициналық жәрдем бригадаларының санын ұлғайту жоспарлануда: МСАК ұйымдарында – 70 бригадаға дейін, ЖМКС деңгейінде – 100 бригадаға дейін, барлығы – 170 бригада", – деп түсіндірді Тимур Мұратов.

Айта кетейік, бүгінгі күні қалада инфекциялық науқастарды емдеу үшін 434 ӨЖЖ-аппараты бар.

Бұған дейін хабарланғандай, қажет болған жағдайда 5 мыңнан астам қосымша  төсек-орынды  орналастыру үш кезеңде жүргізу жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109