4636

Елордада Қостанай және Қарағанды облыстары шаруаларының жәрмеңкесі 3 және 4 қазанда өтеді

Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды ұмытпауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

3-4 қазан күндері "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қостанай және Қарағанды облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Екі күн ішінде 14 аудан мен 7 қаладан 130-дан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын болады.

Жәрмеңкеде сүт, ет өнімдерін шығаратын республикаға және шет елге танымал кәсіпорын брендтері өз өнімдерін ұсынады: “Шахтерское” ЖШС, “Нәтиже” ЖШС, “Редмилк” ЖШС, “ЕвразиянФудс” ЖШС, “Құлагер”, “Дедов” ЖШС, “Мецгер” ЖШС, "Милх" ЖШС, "ДЕП" ЖШС, "Лидер-2010" ЖШС, "Баян Сұлу" АҚ, "Тэрра" ШҚ, "Қаржау" ШҚ, "TERRA MEAT" ЖШС, "Торғай Ет" ЖШС, "Қорғау" ЖШС, "Sher-777" ЖШС және т.б.
 
Кәсіпорындар 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Оның ішінде түрлі мал еті – 150 тоннадан астам, сүт өнімдері – 50 тонна; шұжық өнімдері және жартылай ет өнімдері – 20 тонна, балық 5 тонна; жарма және макарон өнімдері 30 тонна; картоп пен көкөніс 60 тонна; ұн 50 тонна.
 
Сондай-ақ, ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т. б. кіреді.
 
Барлық өнім орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатылатын болады.

Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қашықтықты сақтауды, маска тағуды және санитайзерлерді қолдануды ұмытпауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109