3404

Елорда әкімі еріктілер мен белсенді азаматтарға «Халық Алғысы» медалін табыстады

Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесі талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты .

«Қалалықтар пандемия кезінде ұйымшылдық танытты, жақындарына көмектесіп, COVID-19 таралмауына өздерінің үлесін қосты. Еріктілер бақылау-өткізу бекеттерінде кезекшілік атқарды, дезинфекция жасауға қатысты, жедел штабта да жұмыс істеді. Азаматтарымыздың тұрмысы төмен санаттарына дәрі-дәрмек, азық-түлік пен қорғануға арналған заттарды таратты. Бірлескен еңбектің арқасында жағдайды тұрақтандыра алдық.

Мемлекет басшысы қайырымдылық, волонтерлік ұйымдар және бизнес саласы өкілдерімен онлайн кездесуде қайырымдылық пен волонтерлік пандемия кезінде жалпыұлттық деңгейге жетіп, әлеуметтік нормаға айнала бастағанын айтты. Президент волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық және меценаттықты қолдау – мемлекеттің ұзақ мерзімді басымдығы екенін атап өтті.

Елбасы бастамасы бойынша құрылған «Біз біргеміз» қоры мыңдаған отбасыға қаржылай көмек көрсетті, қалалықтар жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытты.

Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесін талқыладық. Бұл ешкім шет қалмас үшін мұқтаж адамдарға жеке-жеке көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса бөлінген көмектің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ волонтерлік ұйымдарды дамыту және қолдаудың бірқатар бағыты жайлы сөз қозғадық.

Бүгін Президент атынан белсенді еріктілер мен азаматтарға «Халық Алғысы» медалін табыстадым. Осындай қиын кезеңде аянбай еңбек етіп, өзара жәрдемдескендеріңіз үшін алғыс айтамыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109