1759

«Жанұя» отбасын қолдау орталығына 25 мыңнан астам адам жүгінді

Бір жылдан бері елордада әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмекке мұқтаж отбасылар үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Көп балалы, аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кешенді консультациялық қызметтер ұсынылады. Орталықта жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар отбасы институтын нығайтуға ықпал етуі керек. 2020 жылдың басынан бастап 25 063 адам 46 163 мәселе бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы көмегіне жүгінген», – деп хабарлады елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Орталықта елорда тұрғындарына АӘК-ге өтінім беру, баспана кезегіне тұру және медициналық көмек алу бойынша кеңес беріледі. Тұрғындар мұнда заңгерлік және психологиялық көмек ала алады. «Жанұя» орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Орталық алаңында «Кәсіпкер ана» қалалық аналарына өз бизнесін дамытуға қолдау көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетіп, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Сонымен бірге орталық базасында Нұр-Сұлтан әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Ал аудан әкімдерінің, басқарма және басқа ұйымдар басшыларының азаматтарды қабылдауы кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Мекемеде кедергісіз орта жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар. Арнайы ойын алаңы ашылған, онда орталық қызметкерлері балаларға қарайды.

Орталық жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық мәселелер бойынша отбасы институтын қолдау орталығының +7-7172-27-82-98 нөміріне хабарласуға болады. Қосымша ақпарат орталықтың Instagram парақшасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109