3110

Нұр-Сұлтанда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың үш жылдық белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың үш жылдық белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге елорданың зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік, филология, философия ғылымдарының докторлары, кандидаттары және қоғам белсенділері, меценаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде «Рухани жағыру» бағдарламасы бойынша үш жыл ішіндегі жұмыс нәтижелері айтылды. Елорда әкімінің орынбасары атап өткендей, қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев айтқан үш бағыты қалада іске асырылатын барлық іс-шараларға негіз етіп алынды.

«Бағдарламалық мақаланы іске асыру жобалар мен іс-шаралардың идеологиялық құрамдас бөлігін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жобаларды басқарудың ең жақсы тәжірибелерін қолдану арқасында оларды іске асырудың принципиалды жаңа және тиімді тәсілдерімен жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Осы мақсатта Бағдарламаның 13 арнайы жобасын іске асырудың жол картасы мен индикаторлары бекітілді, сонымен қатар биыл 4 жаңа арнайы жоба қолданысқа енгізілді.

Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2018 жылы Сараптамалық кеңес бекітілген болатын. Оған шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, университеттер, саяси партиялар мен қоғам қайраткерлерінің арасынан 33 сарапшы құрамға кірді. Кеңес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асыруға ұсынылған жобаларды сапалы қарау үшін консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие болды», – деді Б.Мәкен.

2017 жылы елордада 73 жоба жүзеге асырылса, 2018 жылы 165 жоба, іс-шара өткізілді. 2019 жылы 275 іс-шара және 69 жеке бастама жүзеге асырылды.

«Биыл Бағдарлама аясында 185-ке жуық іс-шаралар өткізіліп, онлайн курстар мен шеберлік сыныптарын қоса алғанда, республикалық деңгейде 1 000 000-нан астам адам қамтылды. «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру барысында 3 жыл ішінде жалпы саны 2 500 000 адамды қамтыған 800-ден астам іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылды.

2019-2020 жылдары «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің негізінде «Рухани жаңғыру» білім беру орталығы құрылды, онда қазақстандық профессорлар мен қоғам қайраткерлері бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының 1200 мемлекеттік, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне тегін дәрістер ұйымдастырды», – деп атап өтті Б.Мәкен.

Дөңгелек үстел аясында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы пандемиямен күресуде белсенділік танытқан Нұр-Сұлтан қаласының меценаттар мен үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерін «Халық алғысы» медалімен марапаттау рәсімі өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109