3090

Нұр-Сұлтанда педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді

Кеңестің басты міндеті – педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау, мұғалімдер құқықтары бұзылуының алдын алу, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Бұл туралы брифинг барысында білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментінің басшысы Бағымкүл Көптілеуова мәлімдеді.

"Осы жылдың тамыз айынан бастап пилоттық жоба іске қосылып, кеңес жұмысы басталды. Оның құрамына білім беру жүйесімен таныс беделді адамдар мен білікті мамандар кірді. Бүгінгі таңда ережелер, жұмыс жоспары мен отырыстар кестесі бекітілді", - деді Бағымкүл Көптілеуова.

ПӘК мүшелері Педагогтердің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде ҚР БҒМ сессиялық отырыстарының жұмысына белсенді қатысты. Қыркүйек айында Педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі кеңес елордалық бес білім беру ұйымының ұжымдарымен "педагог дауысы" ашық диалог форматында кездесулер өткізді. Іс-шара барысында мұғалімдер жағдайды жақсарту бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасатын болады.

"Елордалық педагогтар өз құқықтарын қорғау бойынша кеңес ала алады және кеңес мүшелеріне өз дауыстары жететіндеріне сенеді. Жұмыс басталғаннан бері өз құқықтарын қорғау бойынша көмек алу үшін бізге Нұр-Сұлтан мектептерінен он педагог жүгінді, олардың мәселелерін шешіліп, көмек көрсетілді", – деп атап өтті спикер.

Сонымен бірге, кеңес шағымдарды қарау бөліміне айналмауы керек деп баса айтылды. Кеңестің білім беру ұйымдары басшыларының есептерін тыңдауға, білім беру саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерін қарауға, мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат алуға, заң нормаларын бұзатын адамдарды лауазымнан босату жөнінде ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ Нұр-Сұлтан әкіміне жүгінуге құқығы бар.

Пилоттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерді еліміздің барлық өңірлік департаменттерінде құру жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109