3295

Егде жастағы көп балалы аналарды қарттар күнімен құттықтады

Елордада 5 059 әйел “Күміс алқа” және “Алтын алқа” медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда егде жастағы батыр аналардың отбасыларына әкімнің бас инспекторы, Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Мөлдір Бөлебаева “Strong mothers NS”қоғамдық қорының өкілдерімен бірге қарттар күнімен құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

“Бұл мереке ұзақ өмір жолы бар, өздерінің адал еңбектерімен және еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласқан құрметке лайық адамдардың күні. Сіздер біздің озық дәстүрімізді сақтап отырсыздар, өскелең ұрпақ үшін үлгі боп қала бересіздер", - деп атап өтті Мөлдір Бөлебаева.

Қарт аналарға қазақ дәстүріне сай шапан жауып, азық-түлік себеттерін таратып, әкімдіктен алғыс хаттар табыс етілді.Нәзік жандар да өз қуаныштарын білдіріп жатты.

"Мен сегіз баланы дүниеге әкелдім. Мен өзімді бақытты әйел деп санаймын: үш ұл, алты қызды дүниеге әкелдім, 19 немерем және 36 шөберем бар. Балалы болу- бақыт деп айтқым келеді. Өз балаларыма өте ризамын. Олардың өз отбасылары бар, ал мен үлкен ұлыммен елордада 18 жылдан бері тұрып келемін", – деді Раушан Шаймерденова.

Айта кетейік, елордада 22 235 көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде 17 176 кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар. 5 059 көп балалы ана "Күміс алқа" және "Алтын алқа" медальдармен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109