3399

Қарттар күнінде концерттік бағдарламасы бар автобус елорда көшелерін аралады

Қарттар күніне арналған автобуста елордалық ардагерлер кеңесі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және филармония әртістері музыкалық құттықтаулар ұйымдастырды. Концерттік бағдарламамен шығармашылық топ Нұр-Сұлтанның сегіз тұрғын ауданын аралады.

«Бұл біз үшін өте маңызды күн, өйткені жас ұрпақ үлкендерді ұмытпауы керек. Біз барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, шағын топта өнер көрсетеміз. Нұрбол Балапанов, Әкімхан Мәженов, Естай Мұқашев, Диана Маева, Айдын Жұмабаев тұрғындарға арнап әндер орындауда. Біздің филармония жыл сайын қарттар күніне арналған концерттерге қатысады, бірақ біз бұл форматта бірінші рет өнер көрсетудеміз. Шара қала тұрғындарының көңілінен шықты», – деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Айдын Жұмабаев.

Ардагерлер кеңесінде атап өткендей, қалада қарттар күніне арналған шаралар ай бойы өткізіліп тұрады.

«Айлық шаралар 15 қыркүйекте басталды: Абай даңғылы бойындағы Жазушылар аллеясында флешмоб өтті. Содан кейін зейнеткерлерге шахматтан турнир ұйымдастырылды, қаланың төрт ауданында жарыстар өткізілді, финалдық жарыс 9-11 қазан аралығында өтеді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігімен бірге біздің еріктілердің қолдауымен қаланың бірнеше нүктесінде бірден 300-ге жуық жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. Ал 25 қыркүйекте «Үлкенге тағзым» акциясы басталды. Оның аясында барлық ардагерлерге, жалғызбасты қарттарға қала әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы атынан құттықтау жазылған азық-түлік пакеттері, сыйлықтар таратылуда», – деді қалалық ардагерлер кеңесінің кеңесшісі Салтанат Меңлібаева.

Сондай-ақ ол іс-шаралар барысында барлық санитарлық нормалар сақталатынын атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109