4124

Елордада зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған

Нұр-Сұлтан зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен көмек көрсетіледі. Осылайша, аға буынға ақысыз қызметтер мен ақшалай төлемдер тұрақты түрде ұсынылып отырады. Оның ішінде зейнеткерлер қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында ақысыз жүруге құқылы (таксиден басқа); қарттар күніне жасына қарай 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік ақшалай төлемдер; екі жылда бір рет тегін тісті протездеу және протездеу алдындағы оңалтуға әлеуметтік көмек; Қатаркөл ауылының оңалту орталығында санаторий-курорттық емдеу қызметтері. Бұл ретте, жасы бойынша зейнеткерлер жолдама құнының 35% төлемін, ең төменгі зейнетақы алушылар - 25% төлемді пайдалана алады.

Сондай-ақ қарттар қатты отын сатып алғаны үшін өтемақы алады (жан басына шаққандағы орташа табысы төрт ең төменгі жалақы мөлшерінен асатын, сондай-ақ тіркелген тұрғын үйі бірден көп адамдарды қоспағанда).

«Тұрмысы төмен отбасыларға, оның ішінде тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы болып табылатын зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер мен басқа да қызметтерге ақы төлеу шығындары осы мақсаттарға арналған отбасылық шығыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінен асып кеткен жағдайда, жергілікті бюджеттен көмек көрсетіледі. Нұр-Сұлтанда шекті рұқсат етілген деңгей отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің 5%-ын құрайды», – деп атап өтті жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар жалғызбасты зейнеткерлерді медициналық-әлеуметтік мекемелерге тіркеу және үйдегі әлеуметтік қызметтер бойынша жұмыс жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, елордада жүз мыңға жуық зейнеткер тұрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109