3748

Нұр-Сұлтанда Ұстаздар күніне орай ағаштар отырғызылды

Ұстаздар күніне орай Нұр-Сұлтанда дарынды қыз балаларға арналған Bilim-Innovation мектеп-интернатының жанында ағаш отырғызылып, экологиялық акция өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Мектеп аумағын абаттандыруға Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өкілдері, сонымен қатар әкімдік қызметкерлері қатысты.

«Қазіргі таңда мұғалім мамандығы өте маңызды. Өйткені, мұғалімдер - жас ұрпақтың ақылшысы. Мектептің айналасы әсем әрі жасыл, ал қыздар бақытты және әрқашан жақсы көңіл-күйде болғанын қалаймыз», - дейді жергілікті полиция қызметі елордалық ювеналды полиция бөлімінің бастығы, кәмелетке толмағандар істері және оларды қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі Нэлля Дощанова.

Ұстаздар күніне орай мұғалімдерге азық-түлік себеттері мен әкімдіктің алғыс хаттары табысталды.

Еске сала кетейік, биыл елордада 30 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Барлық экологиялық сенбіліктер қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109