6864

Нұр-Сұлтанда экологиялық аймақтар көбеюде

Бүгін елордада Тұңғыш Президент саябағында ағаштар отырғызылды. Шараға еріктілер, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Ауа-райы құбылмалы елордада жасыл белдеу мен экологиялық аймақтар экологияны жақсартып қана қоймай, климаттық жағдайды жұмсартуға мүмкіндік береді. Көктемде және күзде қаланың барлық аудандарында ағаш отырғызумен айналысамыз. Саябақтарға, қоғамдық кеңістіктерге және аулаішілік аумақтарға ерекше назар аударамыз. Бүгін халық арасында Пирамида деп аталатын Бейбітшілік және келісім сарайының бойындағы Тұңғыш Президент саябағында ағаштар отырғызылды. Шараға еріктілер, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Ұстаздар күні мерекесіне орай мұғалімдерімізге арнап арнайы аллея отырғыздық.

Тек осы демалыс күндері мыңға жуық ағаш отырғызамыз. Биыл отырғызылған ағаштардың жалпы саны 30 мыңнан, жасыл желектер – 80 мыңнан асады. Осылайша, қалада біртіндеп жасыл аралдар - экологиялық аймақтар санын көбейтудеміз. Өсімдіктерді сақтау мақсатында ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызуды екі есе көбейттік. Егер бұрын «беске бір» болса, қазір «онға бір».

Карантин кезінде 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша бірқатар мәдениет, спорт және білім беру нысандарын жөндеуге кірістік. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ғимарат бойымен отырғызылған ағаштар қазірдің өзінде бұл жерге жайлылық беріп тұр. Бірнеше жылдан кейін осы аймақта құрылған экологиялық аймақтар бірнеше есе көп болады.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елді ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізудеміз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109