6680

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021ж.ж жол картасы» аясында   15 253 жаңа  жұмыс орнын құру көзделген. Оның жартысына жұмыссыздарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына берілген.

 «2020 жылы  елордада 151 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда  148 обьекті бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама аясында  мектептер, ауруханалар  тұрғын үйлері жөнделіп немесе құрылысы жүргізіліп жатқан,   инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі  орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу, көгалдандыру бойынша бос  жұмыс орындары  ұсынылады»,- делінген Халықты жұмыспен қамту орталығының хабарламасында.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 14 мыңға жуық адам жұмыс тапты. Оның 7 489-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

Орталықта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жұмыстарға  Халықты жұмыспен қамту орталығына  жұмыссыз ретінде  тіркелгендер және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын жұмыссыздар  жіберіледі.

   «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы  - халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленген.Ол  қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.
      
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО-да орналасқан. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша   мәлімет алу үшін  7(7172)57 89 37, 8 777 116 82 73  номеріне хабарласып білуге болады.    

Жол картасы бойынша  бос жұмыс орындары туралы мәліметтер enbek.kz порталында жарияланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109