2045

Елорда тұрғындары арасында Strava қосымшасы арқылы жүгіру және веложарыс өтеді

Жарыс 10-23 қазан аралығында қатысушылар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

10-23 қазан аралығында елорда тұрғындары саябақтарда жүгіру және веложарысқа шақырылады. Ол үшін Strava қосымшасын пайдалану керек. Қатысушылар өздеріне ыңғайлы уақытта жақын орналасқан Нұр-Сұлтан қаласындағы кез-келген саябақта ережеге сәйкес қашықтыққа жүгіріп, нәтижесін жарыс ұйымдастырушыларына жібереді.

«Сайыстар 10-23 қазан аралығында сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін (әр қатысушыға ыңғайлы уақытта) өтеді. Қатысуға ниеттілер ұсынылған құжаттарға, яғни туу туралы куәлікке немесе жеке куәлікке сәйкес тіркелуі керек», – деп атап өтті дене шынықтыру және спорт басқармасында.

Жарыс 5 км, 10 км, 15 км және 25 км қашықтықта өтеді. Қатысушылар топтарға бөлінеді. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.

1. Әуесқойлар арасында 10 шақырымға жүгіру – WhatsApp
18 жастан жоғары, Еділ тел.: 8 775 947 22 79
пошта: Aitbaev_Edil@mail.ru

2. Кәсіпқойлар арасында 5 шақырымға жүгіру – WhatsApp
40 жас және одан үлкендер, Думан тел.: 8 747 619 15 55
пошта: mass.sports@mail.ru

3. Әуесқойлар арасында 25 шақырымдық веложарыс – WhatsApp
18 жастан жоғары, Нұрлы тел .: 8 771 166 03 06
пошта: Ali_nurli_loko_98@mail.ru

4. Кәсіпқойлар арасында 15 шақырымдық веложарыс – WhatsApp
40 жас және одан үлкен, Ерлан тел.: 8 701 909 66 77
пошта: 87770067600@mail.ru

Әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасындағы онлайн-жарыстардың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, олар арнайы сыйлықтар мен медальдарға ие болады. Жеңімпаздарға марапатты елімізге белгілі спортышар, әлем және Олимпиада чемпиондары табыстайды.

Айта кетейік, мұндай жарыстарды жыл соңына дейін өткізу жоспарланған. Үшінші рет өткізілгелі отырған спорттық шараға бұған дейін 1000-ға жуық адам қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109