2527

Нұр-Сұлтанда жеке сектор тұрғындары көмірді қайдан сатып алуға болады

Нұр-Сұлтанға жеке сектор тұрғындары үшін көмірдің жеткілікті көлемі жеткізілді.

«Қатты отынның жалпы қоры 2 қазандағы жағдай бойынша 10 570 тоннаны құрайды. Елордаға 1 маусым мен 5 қазан аралығында 1962 вагон, яғни 136 561 тонна көмір келді. Оның ішінде қыркүйек айында – 44 вагон немесе 2967 тонна «Майкүбі» көмірі, 6 вагон немесе 414 тонна «Қаражыра» көмірі», - деп хабарлады елорданың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Елордалықтар қатты отынды он бір сату нүктесінен ала алады, олар келесі мекен-жайларда орналасқан: Герцен, 4/1, 40-ст.; Герцен, 6 Б; Көктал, 28/1; Жұбанов, 35; Литейная, 44; Дулатов, 182/1, Центр бетон; Жабаев, 68; Мақат, 40.

Орташа баға көмір сортына қарай және жеткізу қызметін қоспағанда, 9500 теңгеден 13000 теңгеге дейін. Сонымен, бір тонна «Шұбаркөл» көмірі 12750 теңгеден, «Қаражыра» – 12700, «Майкүбі» – 13000, «Богатырь» – 9500 теңгеден сатылуда.

Қатты отын бағасы, түрлері мен мөлшері туралы толық ақпаратты 109 сенім телефоны арқылы алуға болады.

Отын алдын-ала сатып алынып, қараңғы және құрғақ жерде сақталса, қасиеттерін жоғалтпайды. Басқарманың мәліметі бойынша, қыста елордада орта есеппен 500 мың тонна көмір тұтынылады.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарын жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырады. Мемлекеттік орган келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

- пешті 50х70 см өлшемді металл төсегіш жабдықтау қажет;

- пештің жанғыш құрылымдардан өртке қарсы қашықтығы кемінде 26 см болуы керек;

- түтін құбырының ішкі бетінен қорғалмаған жанғыш құрылыстарға дейінгі ара қашықтық 50 см-ден, ал қорғалған жанғыш құрылыстарға дейін ара қашықтық 38 см-ден кем болмауы тиіс;

- пештің қатты қызуына жол бермеу, пештерде және оларға жақын жерде отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды құрғатпау;

- пештерді жағу үшін жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға;

- құрамында қызған және бықсыған материалдар бар күл мен қож оттықтан шығарылғаннан кейін өрттің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын және сумен төгілмейтін арнайы бөлінген орынға шығарылуы тиіс.

Айта кету керек, қаланы газдандыру жұмыстары жалғасуда. Тұрғын алаптарда үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін тегін техникалық шарттар алуға фронт-офистер ашылды.

Осы жылыту маусымда Железнодорожный, Промышленный, Көктал-2, Көктал-1, Агроқалашық (ішінара) тұрғын аудандарындағы үйлер газбен жылыта алады деп күтілуде.

Сондай-ақ үстіміздегі жылы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтарының бір бөлігін газға ауыстыру жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109