3542

Нұр-Сұлтанда 220 адам қайта даярлау курстарынан өтті

Жаһандану мен индустрияландыру жағдайында кадр даярлауды жақсарту мемлекет саясатындағы негізгі міндеттердің бірі. Елімізде жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 220 адам кәсіптік білім беру, қайта даярлауды қамтитын оқытуларға жіберілді. Арнайы курстар аспаз, кондитер, тігінші, шаштараз, кассир-бақылаушы, наубайшы, тәрбиеші көмекшісі, анимация және бейнеграфика бойынша ұйымдастырылды. Сұранысқа ие аспаз мамандығына 52 адам, шаштараз – 41, тігінші кәсібін 30 адам үйренді.

Халықты жұмыспен қамту орталығына арнайы оқыту курстарына өтініш жазған азаматтарға кәсіптік оқуды ұйымдастыратын оқу ордасының бірі – Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі. Қазір бұл жерде 30 адам жаңа кәсіп үйренуде. Оның ішінде 10 адам наубайшы, 20 адам тігінші курстарында кәсіптік даярлаудан өтіп жатыр. Кәсіби білім беру бойынша колледж директорының орынбасары Нұржанат Мұратқызының айтуынша, осы жерде білім алып, жаңа кәсіп меңгерген әрбір азамат жұмыспен қамтылады.

«Бұл тұрғыда бірнеше ЖШС-і, жеке кәсіпкерлермен арнайы келісім-шарт жасалған. Мысалы, «Бал-жидек» ЖШС-де наубайшылар, «ВЕСТЕ» ательесінде тігіншілеріміз жұмыс істейді. Бүгінге дейін кәсіптік оқудан өткен азаматтардың 90 пайызы жұмысқа орналастырылған», – дейді Нұржанат Мұратқызы.

Жаңа кәсіп үйреніп жүргендердің бірі – Ақмарал Қосжанова. Ол он жеті жылдай салық саласында, мемлекеттік қызметте жұмыс істепті. Алайда, өзінің жеке бизнесін ашу туралы біраздан ойлап жүрген. Осыдан бірнеше ай бұрын Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, кәсіптік оқыту бойынша тегін курсқа қатысуға өтініш қалдырыпты. Қазір ол тігінші курсында оқып жүр.

«Бүгінге дейін көрпе-жастық, перде тігуді меңгердім. Мақсатым дизайнерлік үлгідегі киім тігіп, жеке кәсіп ашып, өз брендімді қалыптастыру», – дейді Ақмарал Қосжанова.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға мамандығы жоқ, еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандық иелері, біліктілігін жоғалтып алған және мамандығын ауыстырғысы келетін азаматтар қатысады. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан үш айға дейін.

Бағдарлама қатысушылары мемлекеттік қолдаумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Биылға кәсіптік оқыту бойынша курстарға қабылдау аяқталды.

Толық мәлімет алу үшін 7(7172)95 44 18; 8 777 116 82 73 номеріне хабарласуға болады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО мекен-жайында орналасқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109