3617

15 қазанда елордада үздік әлеуметтік жобалар бойынша бейнероликтер байқауы басталады

Нұр-Сұлтан қаласының IX Азаматтық форумын өткізу қарсаңында қала әкімдігі әлеуметтік жобалар бейне байқауын жариялайды. Мақсат – өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуді ұсынатын үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын анықтау және қолдау. Байқауға Нұр-Сұлтан қаласы аумағында тіркелген және әрекет ететін ҮЕҰ қатыса алады. Байқау 2020 жылдың 15 қазаннан 15 қарашаға дейін өткізіледі.

«Байқауға қатысу үшін жоба туралы 2-ден 3 минутқа дейін мерзім ұзақтығымен бейнеролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерде #elordanpo2020 хэштегімен жариялау, бейнероликке сілтемені көрсете отырып, өтінім жіберу қажет. Байқауға жіберілген бейнероликтер бұрын жарияланбауы және соңғы үш жылда іске асырылған әлеуметтік жобалар туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Бір ұйымнан бір ғана өтінім беруге болады», – делінген хабарламада.

Байқау жеңімпаздары ҮЕҰ өкілдерінен, сарапшылардан және медиа мамандардан құралған кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі арқылы таңдалады. Өтінімдер 2020 жылғы 15 қарашада сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) info@elordanpo2020.kz электрондық поштасына «ҮЕҰ» Бейне байқауы» тақырыбына белгі қойып қабылданады.

Байқау нәтижелері 2020 жылдың 20 қарашасында www.elordanpo2020.kz сайтында, сондай-ақ ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында жарияланады. Жеңімпаздар компьютерлік техника түрінде бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Байқауды «Арнау» Даму орталығы» қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қаласының IX Азаматтық форумы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109