4199

Көші-қон полициясы жыл басынан бері 600-ден астам «резеңке» пәтерді анықтады

Жыл басынан бері профилактикалық шаралар барысында полиция қызметкерлері 600-ге жуық «резеңке» пәтерді анықтады. Тіркеу орнында іс жүзінде тұрмайтын 24 мыңға жуық азаматты, оның ішінде әкімшілік ғимараттарда тіркелгендерді тіркеуден шығарды. Көші-қон заңнамасын бұзған тұрғын үй иелеріне айыппұл салынды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Осылайша, көші-қон қызметі К.Әзірбаев көшесіндегі пәтерде 2016 жылдан бастап тұрақты тіркеуде тұрған 259 адам болған пәтерді анықтады. Сол пәтерде 289 адам уақытша тіркелген. Сонымен қатар тек үстіміздегі жылдың тамыз айында иесі 154 азаматты пәтеріне тұрақты тіркеуге қойған. Меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы – тұрғын үй иесіне олармен бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Төрт адамнан тұратын отбасы мүшелерін қоспағанда, бұрын пәтерге тіркелгендердің барлығы тіркеуден шығарылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Елорданың көші-қон қызметі заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша уақытында тіркеуге тұруға шақырады.

«Мекен-жай туралы ақпарат сәйкес келмеген жағдайда, оларды жаңарту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне хабарласыңыз. Біз сондай-ақ тұрғын үй иелерінен олармен бірге тұрмайтындарды тез арада тіркеуден шығаруды сұраймыз», – дейді мамандар.

2020 жылдың 9 айында елордада 151 мыңнан астам адам, оның 30 мыңға жуығы уақытша, 121 мыңнан астам азамат тұрақты тіркелді.
Статистика көрсеткендей, соңғы екі жылда орта есеппен Нұр-Сұлтанға халықтың ең көп легі Ақмола, Түркістан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109