3588

Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша билбордтар ілінген

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі билбордтар қаланың 20 магистральдық көшесіне және 40-қа жуық қоғамдық көлік аялдама кешендеріне орнатылды.

Түрлі-түсті билбордтар елорда халқының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі хабардарлығын арттыру, стигма мен дискринимация проблемаларына және  АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарының сақталуына жұртшылықтың назарын аудару.

Аталған акцияны АИТВ - ға тест тапсыруға үндеумен ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт АИТВ-ға қарсы» арнайы өкілі, Олимпиада чемпионы, еліміздің жеті дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаев қолдады.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры С.Б. Абдраимовтың айтуынша, АИТВ-ға тестілеу – АИТВ-ның алдын алу қағидаттарының бірі, ал өз мәртебесін білу бүгінгі күні АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірінші дәрежелі мәнге ие.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, АИТВ-инфекциясының эпидемиясы жалғасуда және оның халықтың осал топтарының шегінен жалпы халыққа шығуы айқын болды. Осылайша 2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша АИТВ анықталған адамдардың жартысы-тұрақты жұмысы мен табысы бар әлеуметтік-бейімделген адамдар. Барлық жұқтырғандардың шамамен 70%-ы 20-39 жас аралығындағы жастар. АИТВ-инфекциясының таралуында жыныстық жол басым рөл атқарады, оның үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жас ерлер арасында гомосексуалдық қарым-қатынас кезінде АИТВ жұқтырудың өсу үрдісі байқалды. Осының барлығы АИТВ - мен сырқаттанушылықтың ұлғаю қаупін туғызады»,-деп АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Инжу Аймагамбетова атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша АИТВ-ның 185 жағдайы тіркелді.

ЖИТС орталығында диспансерлік есепте 1271 АИТВ жұқтырғандар тұр, 1117 адам антиретровирустық терапия алады.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109