3937

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартатын өнертабыстар марафоны басталды

Елордада Назарбаев Университетінің инновациялық кластерінің Fab Lab алаңында «TOM:Nur-Sultan» мейкатонының бірінші кезеңі басталды. 72 сағаттық марафон барысында 14 команда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартатын құрылғылардың тәжірибелік үлгілерін ұсынады. Өнертабыстар пайдалану оңай, өндірісі қарапайым және қол жетімді болуы керек.

Үздік идеялар мейкатонның 13-16 қараша аралығында өтетін екінші кезеңіне жолдама алады.

«Мейкатонға 14 команда қатысады. Олардың 10-ы ғана екінші кезеңге өте алады. Байқау комиссиясы таңдаған жобаларды қатысушылар бір ай ішінде онлайн режимде пысықтайды. Қараша айында олар әзірлемелерін құзыретті қазылар алқасына ұсынуы керек», – дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Сонымен бірге жас өнертапқыштарға прототиптері жасалатын мүмкіндігі шектеулі жандар кеңес береді. Хабарламада атап көрсетілгендей, іріктеуге «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, топтарға оңалту, хирургия және IT саласындағы мамандардың кеңестері беріледі.

Айта кету керек, іс-шараның ұйымдастырушылары елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Назарбаев университетінің инновациялық кластерінің Fab Lab, Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109