2363

Елордада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық акциясы өтті

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық акциясы «Салауатты Астана» ЖШС базасында өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Шараның мақсаты – осы санаттағы қазақстандықтар мәселесіне қоғам назарын аудару, сондай-ақ олардың өмір сүру сапасын жақсарту. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткен акцияға 50-ден астам адам қатысты.

– Ерекше адамдарға ерекше күтім қажет. Біз үшін кез-келген науқас қымбат. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін біз мамандардың үйден тексерулерін үнемі ұйымдастырамыз, көмекші қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі қарттарды медициналық мекемелерге алып барып, үйлеріне жеткізіп береміз», – дейді «Салауатты Астана» ЖШС филиалының жетекшісі Алмагүл Базарова.

Күні бойы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі науқастар іш құрылыс мүшелерін, жүректі ультрадыбыстық тексеруден өтті, сонымен қатар кардиолог, ЛОР, хирург, невропатолог, эндокринолог сияқты мамандар қызметін алды. Қайырымдылық акциясы аясында ауыр науқас қарттарға азық-түлік пакеттері таратылды.
Шараға ерекше балалары бар көп балалы аналар да келді.

– Мен ерекше баланың анасымын. Ол әрдайым ерекше күтімді және тұрақты тексерулерді қажет етеді. Бүгін дәрігерлерге көрсеткен ақысыз қызметі үшін алғысым шексіз, – дейді көпбалалы ана Жанар Бердіқұлова.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін «Салауатты Астана» ЖШС ақысыз медициналық қолдаудың кепілдендірілген көлемі шеңберінде әлеуметтік терезені пайдалануға мүмкіндік береді (кезексіз дәрігермен кеңесу).

Қазіргі уақытта «Салауатты Астана» ЖШС-не тіркелгендердің саны 70 мыңға жуықтайды, оның ішінде көп балалы аналар – 348, мүгедектер – 932, жалғызбасты қарттар – 18, аз қамтылған отбасылар – 77.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109