927

«Бизнестің жол картасы» гранты иегерлері елордада қандай бизнесті дамытады

Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы» бойынша мемлекеттік грант иегерлері жобаларын жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Байқау жеңімпаздарының бірі, QMOBOT компаниясының негізін қалаушы Кенжеғали Нұрғалиев қаражатқа өнімінің толық өндірістік циклын құруды жоспарлап отыр. Компания мобильді роботтар шығаруға мамандандырылған, олар бойынша мектеп оқушылары IT технологиялар мен бағдарламалауды меңгереді, ал студенттер мен жас ғалымдар тәжірибе жасай алады.

«Біздің компания бір жылдан бері жұмыс істейді. Робот дизайны, бағдарламалық жасақтама және білім беру мазмұны – авторлық құқықпен қорғалған біздің әзірлемелеріміз. Біз қазірдің өзінде сатылым жасаудамыз. Грант қаражаты есебінен робот өндірісін кеңейтіп, сайттағы оқу материалдарының көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Өнімді өндіріске жіберіп, білім беру курстарымызды кеңінен таратуды жоспарлап отырмыз», – дейді Кенжеғали Нұрғалиев.

Бүгінде IT-технологияларға сұраныс өте жоғары. Кәсіпкер QMOBOT білім беру өнімі Қазақстанда Lego Education сияқты алыптармен бәсекеге түсе алатынына сенімді.

Тағы бір грант иегері Зәмзегүл Бейсембаева елордада инновациялық жабдық – HENGTAL 1500 станогы негізінде дәнекерленген торлар өндірісін бастауды жоспарлап отыр.

«Жеті жыл кеңсе қызметінен соң өзім үшін жұмыс жасағым келетінін түсіндім. Он жылдан бері металл прокатымен айналыстым. Осы уақытта тауарлардың сапасына қатысты шағымдармен жиі айналысуға тура келді. Сапасы шынымен де нашар болды. Өзімнің өндірісімді ашуды ойладым. Алдымен арматура өндірісі үшін «Атамекен» ҰКП грантын жеңіп алдым. Бұл өнімдерді шығарып жатқанымызға екі жыл болды. Осы жылы мен өндірісті кеңейтіп, дәнекерленген тор өндіруді бастауды шештім. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қатысуға өтініш беріп, грант алдым», – дейді Зәмзегүл Бейсембаева.

Дәнекерленген тор Қазақстанда өндірілмейді. Негізінен тауарлар шетелден әкелінеді және оларға деген сұраныс жоғары. Өнімдер құрылыста, өнеркәсіптік зауыттарда, құс фабрикаларында қажет. Үй шаруашылығында да пайдалануға болады. Мысалы, қоршау ретінде.

Бүгінде цех тор шығаруға дайын, жақын күндері станоктар келуі керек. Кәсіпкер қазірдің өзінде тапсырыс алып, жұмысшылар жалдауға дайындалуда. Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен «Бизнестің жол картасы - 2025» байқауының қорытындысы бойынша 57 грант иегері анықталды.

Қазақстанда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Оның бір бағытын әкімдіктер қадағалайды. Жергілікті атқарушы органдар бизнеске гранттармен және инфрақұрылымдық қолдаумен көмек көрсетеді. Гранттар конкурстарына кәсіпкерлер де, өз ісін ашқысы келетін қазақстандықтар да, оның ішінде әйелдер, мүмкіндігі шектеулі адамдар және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109