1925

Құтқарушылар елорданың жеке секторында аралау жүргізуде

Өрттің алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері елорданың жеке секторында рейд өткізуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«15 тамызда біз жеке тұрғын үй секторын аралауды бастадық. Шара жыл сайынғы жылыту маусымы басталғанға дейін өрттің алдын алу мақсатында өткізіледі. Тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін күнделікті өмірде сақтау туралы хабардар етеміз. Пештер мен құбырларды, түтін мұржалары мен құдықтарды уақытылы және дұрыс тазарту, сондай-ақ пештерде көмірқышқыл газы шығатын жарықтар болмауын қадағалауды ескертеміз. Сондай-ақ ашық сымдарға, байланыс қораптарының бұрандыларына назар аударамыз. Электр сымдарының, ұзартқыш сымдардың шамадан тыс жүктемесіне жол бермеу бойынша түсініктеме береміз», - деді Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығы Қуаныш Тоқсарин.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлері азаматтардың үйлеріне датчиктер орнатуда.

«Төтенше жағдайлар департаментінің және қалалық штабтың өкілдерімен бірге Көктал-1 шағын ауданында датчиктер орнатып жатырмыз. Қазір «Сарыарқа» аймағында тоғызыншы датчик орнатылды. Шара жыл соңына дейін жалғасады», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы маманы Әнуар Ақылаев.

«Рақмет, біз қуаныштымыз. Бұл бізге өте пайдалы», - дейді жеке сектор тұрғыны Үміт Жорабаева.

Айта кетейік, шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Жалпы, 15 тамыздан бастап рейд аясында 15 мыңға жуық үй қамтылды. 191 көміртек тотығының датчиктері орнатылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109