2069

Елордалық еріктілер штабына қалай кіруге болады

Қалалық еріктілер штабында екі мыңға жуық ерікті бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2020 жыл ҚР Президентінің Жарлығымен еріктілер жылы болып жарияланды.

Мұқтаж адамдарға көмек көрсету қажеттілігі - қоғамдық сана мен жауапкершіліктің көрінісі. Нұр-Сұлтанда мұндай игі істі "Астана Жастары" ресурстық орталығы жанындағы еріктілердің қалалық штабында жүзеге асыруға болады. Еріктілер қатарына кіру үшін еріктілер мектебінде оқудың үш кезеңінен өту керек.

"Алдымен алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрететін кіріспе курстан өту керек, түрлі психологиялық тренингтер өткізіледі яғни жалпы дайындық жүргізіледі", – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" ЖРО басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Алғашқы дайындық шамамен он сабақ алады. Әрі қарай, еріктілер түрлі бағыттар бойынша бөлінген кезде маманданданады.

"ТЖ кезінде көмек беруге ниет білдірушілер мамандармен дайындалып, оқу жиындарынан өтеді. Сондай-ақ халықаралық волонтерлер мен әлеуметтік волонтерлер үшін оқыту жүргізіледі. Содан кейін тікелей акция өткізу кезінде практикалық сабақтар өтеді", - деп түсіндірді Шыңғыс Тілеулин.
Оның мәліметінше, биыл мектепте 300-ге жуық еріктіні оқыту жоспарланған.

Айта кетейік, елордалық еріктілер штабы түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Мысалы, "Қамқорлық мекенжайы" жобасы аясында балалар жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге қар басқан аулаларды тазарту, пәтерлер мен аумақтарды тұрмыстық қоқыстардан тазарту, бақшаларды отырғызуға дайындау сияқты көмек көрсетеді.

Елде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін қалалық штаб жедел жұмыс режиміне көшті. Үш ай бойы күн сайын 500 белсенді волонтер жұмылдырылды, 2 000 ерікті резервте тұрды. Осы уақыт ішінде еріктілер мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін, бірінші қажеттіліктегі тауарлармен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етті, мемлекеттік әлеуметтік көмекті тарату бойынша жұмыстар атқарды. Сондай-ақ, балалар аудандық емханалардың есебінде тұрған мүмкіндігі шектеулі, егде жастағы адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналысты. Елордалық полиция департаментінің өкілдерімен бірге карантин режимін бұзғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Банк бөлімшелерінде әлеуметтік қашықтықты ескере отырып кезек ұйымдастырды.

Медициналық еріктілер коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін дәрігерлерге тегін көмектесті.
Бұған дейін еріктілер Арысты қалпына келтіруге атсалысып, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинады, Қазақстан астанасында өткен халықаралық іс-шараларға қатысты.

Ұйым жұмыс істеген барлық уақыт ішінде яғни 2014 жылдан бастап шамамен 2,5 мың адам оқытылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109