1012

Ұзақ салынған “Алтын шардың" бірінші блогы бойынша құрылыс аяқталды. Елордалық үлескерлерге кілттерін табыстайды

Нұр-Сұлтан әкімі "Алтын шар" үлескерлерімен кездесті. Бұл туралы Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Бүгін жұмыс күні аяқталған соң үлескерлермен кездестім. "Алтын шарды" алғаш көрген кезде құрылысы мүлде тоқтап тұрған болатын. "GLB" үй құрылысы комбинатының құрылысшылар мен кредиторлар алдында миллиондаған қарыздары болды. Көппәтерлі тұрғын үй кешені үш блоктан тұрады. Мұндағы жұмыстар қайта жаңғыртылды. Мемлекет тарапынан құрылыс комбинатының жұмысының қайта жандануына көмек көрсетілді.

Үйдің бірінші блогының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. "Алтын шар" (блок №1) үлескерлеріне кілттер беріліп, құжаттар рәсімделе басталды. Бұл – шамамен 200 отбасы. Отбасылардың бір бөлігі көптен күткен баспанаға кіріп үлгерді.

Жыл соңына дейін аталған тұрғын үйдің екінші блогын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сол кезде тағы 200 үлескердің мәселесі шешіледі. Ал үшінші блоктағы жұмыстарды күшейтуді тапсырдым. Ол жерде 218 отбасы пәтерін күтіп отыр. Үйге уақытша кірме жолдар салдық, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыруға кірісеміз.

Сонымен бірге құрылыс комбинаты "Бағыстанды" аяқтау мен әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй құрылысына жұмылдырылған. Үй құрылысы комбинатының жұмысын қайта жаңғырту сапаға нұқсан келтірмей, үйлердің аз уақытта салып шығуға және шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109