2981

Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер футбол командасы ел чемпионатында үздік үштіктен көрінді

Шымкент қаласында әйелдер футболынан ел чемпионаты аяқталды. Екі кезең қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер футбол командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

"Команданың чемпионатқа дайындығы үшін барлық жағдай жасалды. Қыздардың жиындары өте жоғары деңгейде болды және бұл біздің басшылықтың зор еңбегі. Жалғыз кемшілігі – жолдастық ойындардың болмауы. Жасыратыны жоқ, алғашқы бақылау матчын біз ресми кездесу басталардан үш күн бұрын өткіздік. Мұның себебі түсінікті, барлық мемлекеттік мектептерде короновирус пандемиясына байланысты сабақтарға тыйым салынды. Дегенмен, қыздар берілмеді және турнир кестесінде екінші орынды иелену, бұл турнирдің финалында қол жеткізу керек минимум көрсеткіш екенін бәрі жақсы түсінді. Жаттықтырушылар штабына зор алғысымды білдіргім келеді, олар дайындық пен ұйымдастыру мәселелерін өздеріне алды", - деді №8 ОРМБЖМ әйелдер командасының бас бапкері Илья Меланич.

Естеріңізге сала кетейік, № 8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшыларынан құралған әйелдер құрамасы былтырғы жылы да Қазақстан чемпионатында үшінші орынға тұрақтаған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109