1813

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті “Жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамалық бастамалар” туралы айтып берді

Биыл 6 қазанда Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды.

Брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева хабарлағандай, түзетулер алты жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды қамтиды.

Біріншісі, мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады. Қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымдық міндеттемелеріне байланысты құны 10 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйлықтар беруге рұқсат етілді. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады. құны 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйлық әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, құны 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сыйлық қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады

Екіншісі, квазимемлекеттік сектордың сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын лауазымды тұлғаларының шеңбері кеңейтілді.

“Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті, мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатады. Яғни, оларға “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңда көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қойылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сияқты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда неғұрлым ауыр жауапкершілікке тартылатын болады”,- Жазира Жылқышиева.

Бұрын мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қатысты болатын.

“Бұл түзету сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлаенс-қызметтерді енгізумен бірге квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тарапынан теріс пайдалануды болдырмаудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың тиімді шарасы болады деп ойлаймыз”,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары.

Үшіншісі, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар, жақын туыстар, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды. Лауазымға орналасуға үміткер болып отырған ұйымның басшылығына осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабарлау міндеті енгізіледі.

”Төртіншісі, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілуде.

Комплаенс – батыс елдерден келген ұғым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып табылады”, -деп атап өтті спикер.

Бесінші түзету - жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмыстарды арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы енгізілді.

“Қылмыстық кодекске “қылмысқа арандату” деген 412-1-бап енгізіледі, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады. Бұл ретте, жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның, кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері, қылмыстың арандатуына жатады”, -деді Жазира Жылқышиева.

Аталмыш қылмыс брйынша жазаның ең төменгі мерзімі – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру.

Ең жоғарғы санкция – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру.

Сонымен қатар, Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері белгіленеді. Тұрғын үй мәселесін шешу, қызметкерлердің еңбекке деген құлшынысын арттыру ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін де маңызды болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109