1503

Нұр-Сұлтанда QazUrban Forum 2020 және IT-кеңес өтті

"Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер - жоспарының тұжырымдамасы бірінші кезекте тұрғындардың өмір сүруі мен қала қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бүгін IT-кеңесте бірқатар жобалар таныстырылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Жылдам өсіп келе жатқан мегаполистерді дамытудағы серпінді идеялар, көлікті жаңғырту перспективалары, әлеуметтік жобалау, жолдардағы қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" QazUrban Forum 2020 барысында талқыланды. Қатысушылардың көпшілігі онлайн режимде қосылды. Форумға Мәскеу, Қазан, Лондон, астананың урбанистері және т.б. қатысты. Қалалардың жайлы, тұрақты, экологиялық тұрғыда таза болғаны өте маңызды.

"Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер - жоспарының тұжырымдамасы бірінші кезекте тұрғындардың өмір сүруі мен қала қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Тұрғындарға қандай да бір қызмет алу үшін қаланың басқа шетіне барудың қажеті туындамас үшін полицентрлікке бағдар жасаймыз. Ол үшін әрбір ауданда әлеуметтік нысандар салып, қоғамдық кеңістіктерді абаттандырып жатырмыз. Қалада алғаш рет жасалған арт-кеңістіктер осыған айқын дәлел.

Қаланы қауіпсіз әрі ақылды (смарт) ету үшін цифрландыруды дамытуға көп көңіл бөлу керек. Бүгін жаңадан құрылған IT-кеңеске қатыстым. IT-технологияларды енгізу қандай да бір қызметтерді онлайн-режимде алуға мүмкіндік береді, "ақылды шлагбаумдар" үй аумағына шұғыл қызмет машиналарымен кедергісіз өтуге мүмкіндік береді, камералар құқық бұзушылықтар санын азайтады.

Әлемдік пандемия бізге цифрландыруды дамытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті, автобустарымызды электронды төлем жүйелерімен 100% жабдықтау коронавирустың таралуын азайтуға мүмкіндік берді, өйткені жүргізуші мен жолаушылар арасында жеке байланыс жоқ.

Бүгін IT-кеңесте бірқатар жобалар таныстырылды. Мысалы, ТКШ жаңғырту жобасы және тұрғындарға жиналған қаражаттың не үшін жұмсалып жатқанын онлайн режимде көру мүмкіндігін ұсыну. Сондай-ақ, виртуалды мұғалімнің көмегімен бағдарламалау тілін үйренуге болатын жобамен таныстым. Жоба иегерлерінің айтуынша, оны оқыту барысында да қолдануға болады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109