1161

Елордадағы құрылысы ұзаққа созылған 12 үй толыққанды тұрғын үй кешендеріне айналып келеді

"Баспана Көктал" көппәтерлі тұрғын үй кешені "Елорда құрылыс компаниясының" қатысуымен "Нұрлы жер"бағдарламасы аясында салынып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Баспана Көктал" көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше жер учаскелерінде орналасқан. Ол 13 үйден тұрады. Олардың біреуі ғана аяқталды. Бес жыл бұрын қалған 12 үй құрылыс ұзаққа созылған нысан ретінде танылды. Олардың әрқайсысында шешілмеген, проблемалық мәселелер болды: шатырдан су кету, қасбеттің, терезелердің, есіктердің, лифт шахталарының және т.б. болмауы. Жарық, жылу, су мен кәріз жүйелері де инженерлік желілерге қосылмады.

Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, жоспарлы құрылыс кестесін құрдық. Бұл үйде 600-ге жуық отбасы пәтерлерін күтіп жүр.

Бұрынғы құрылысшы бірнеше қабатты заңсыз түрде салып, лифтілерді қарастырмаған. Құрылыс саласындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес ғимарат 6 қабаттан асса міндетті түрде лифтімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, өртке қарсы эвакуациялық баспалдақтар болған жоқ. Осыған байланысты лифттер мен эвакуациялық баспалдақтарды орнату үшін бөлімдерді бөлшектеу қажет болды.

Барлық аталған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенін "Елорда құрылыс компаниясының" қатысуымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салып жатырмыз. Құрылыс қарқынын күшейтіп, үйлерді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырдым. Аумақты абаттандыру көктемге жоспарланған”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109