3402

Назарбаев Университетінің студенттік оркестрі онлайн-концерттер өткізуде

Пандемия кезінде, карантинге байланысты концерт өткізу мүмкін болмағандықтан, NU Orchestra студенттер музыкалық тобының мүшелері бір-бірінен жүздеген шақырым қашықтықта музыкалық қойылымдар түсіруде. Әр музыкант шығармадан өз бөлігін ойнайды, содан кейін олардың орындаулары бір үйлесімді композицияға біріктіріледі.

«2018 жылдан бастап жыл сайын Назарбаев Университетінде үлкен оркестрлік концерттер өткізіліп келеді. Биыл да өткізу жоспарланып, ұжым оған дайындалды. Бірақ, өкінішке орай, пандемия кезінде бұл жоспарлэдан бас тартуға тура келді. Біз концерттерді онлайн форматта жазуды шештік», - деді топ мүшелерінің бірі, 4 курс студенті, NU Orchestra скрипкашысы Айза Айтқожина.

Ерекше форматта жас музыканттар «Адай», «Көзімнің қарасы», «Кішкентай», «Ер Тұран», «Мінезің көркем» сияқты танымал қазақ шығармаларын жазды. Топ жыл соңына дейін 12 ән орындауды жоспарлап отыр.

«Біздің дыбыс режиссері дайындаған әуенге әрбір оркестр ойнаушысы тұрғылықты қаласынан өз партиясын жазады. Бір композицияны жасауға 30-40 музыкант қатысады, ал дыбыс режиссері осы 40 тректі бір аудио файлға біріктіріп өңдейді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін видеоға түсіруде. Соңында барлық материалдар өңделеді», - дейді Айза Айтқожина өзінің оркестрлік бейнежазба технологиясымен бөлісіп.

Назарбаев Университеті студенттерінің оркестрі 15 музыкалық аспапты қолданады. Олардың арасында ұлттық аспаптар - домбыра, қобыз, сазсырнай, симфониялық - скрипка, саксофон, электр гитара, фортепиано және басқалары бар.

Музыкалық топтың барлық мүшелері - әртүрлі ғылыми мамандықтарда оқитын НУ студенттері. Оқуды бітіргеннен кейін де олардың көпшілігі оркестр өміріне қатысуды жалғастырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109