1219

Елордада мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған следж-хоккей сабақтары өтеді

Елордада балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт мектебінде пара-хоккей секциясы ашылды.

«Бұл спорт түрінен алғашқы дайындықтың үш тобы бар. Спортшылардың жалпы саны - 15 адам. Сабақтар «Тарлан» мұз айдынында өтеді. Спортшыларды қаланың пара-хоккейден аға жаттықтырушысы Тимур Бексейітов жаттықтырады. Қазіргі уақытта секцияға қабылдау жалғасуда», - деді Нұр-Сұлтан қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Әлия Жақсылық.

Селдж-хоккей - шайбалы хоккейдің паралимпиалық нұсқасы. Спорт түрі алғаш рет Лиллихаммердегі Қысқы Паралимпиада ойындарына 1994 жылы енгізілген және сол уақыттан бері ең тартымды спорт түрлерінің біріне айналды. Бұл төменгі дененің мотор функциясы бұзылған спортшыларға арналған жоғары жылдамдықты, физикалық тұрғыдан ширығуды талап ететін ойын.

Ойын Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының ережелеріне сәйкес кейбір өзгертулермен ойналады. Конькидің орнына хоккейшілер шанамен жүреді. Жабдық екі мұзды итеру және маневр жасау үшін бір жағында тісті металл бекітпесі бар, ал таяқтың екінші бөлігі кәдімгі хоккей таяғы тәрізді бүгілген және шайбаны соғу үшін қолданылатын екі шоқпарды қамтиды.

Айта кету керек, елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сурдохоккей корты дамып келеді. 2015 жылы алғаш рет сурдохоккейден Қазақстан командасы Ресей Федерациясындағы халықаралық турнирде бірінші Азия құрамасы ретінде ойнады.

«Пара-хоккей командасы 2017 жылы ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың бастамасымен ашылды. Оның қолдауымен пара-хоккейге арналған «Тарлан» спорт кешені құрылды. Бұл Азиядағы пара-хоккейге бейімделген жалғыз ғимарат», - деді сурдолимпиадалық шайбалы хоккей федерациясының вице-президенті Талғат Алпысов.

Пара-хоккейге кез-келген адам қатыса алады. Мұнда жас шектеуі жоқ. Медициналық көрсеткіштер мен басқа да талаптарды ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетінің сайтынан білуге ​​болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109