3326

Елордада IX Азаматтық форумды өткізу мәселелеріне арналған онлайн-кездесу өтті

Бүгін елордада IX Азаматтық форумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Оған ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді және ҮЕҰ өкілдері қатысты. Кездесу барысында азаматтық қоғам өкілдері бірқатар мәселелер көтерді, олардың кейбіреулері IX Азаматтық форумының күн тәртібіне енгізіледі.

«Қоғамдық бақылауды күшейтуге сұраныс бар. Бюджетке қатысу - ең жетілдірілген құрал. Тұрғындар тең құқылы және қаланың барлық аймақтарынан бірдей қатысуы керек. Мүмкін, біз отандастарымыз бюджетке қатысу бойынша абаттандырудан басқа мәселелерді де қарастыратын деңгейге жететін шығармыз», - деді ҮЕҰ өкілі Алтынай Нұркеева.

Сондай-ақ, конференция барысында ПИК-пен өзара іс-қимылды құру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді шешуде ҮЕҰ рөлін арттыру, аудан әкімдіктері деңгейінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру механизмін құру, қоғамдық бақылауды күшейту, үкіметтік емес ұйымдардың бақылауы арқылы мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды.

«Барлық қойылған сұрақтар ескеріледі. Біз әрдайым ҮЕҰ және басқа ұйымдармен диалогқа ашықпыз. Ұсыныстарыңызды ескере отырып, біз тек сұхбаттасуға ғана емес, сонымен бірге сапалы нәтижеге де мүдделіміз», - деді ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық форум алғаш рет 2003 жылы өтті. Бұл азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жүйелік тетіктерін қалыптастырудың бастамасы болды. Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарына сәйкес, Азаматтық форум елде екі жылда бір рет өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109