12650

Елордалық дәрігерлер босану кезінде күрделі ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды

Нұр-Сұлтанда № 3 көпбейінді ауруханада босану кезінде күрделі ота жасалып, дәрігерлер ана мен баланың өмірін сақтап қалды. Отаның ерекшелігі - қан кетірмей, жатырды сақтап, ұрық жолдасын бөліп алу.

"Бізге Оралдан жүктілігіне 37 апта болған науқас әйел келіп түсті. Әйелдің кесарь тілігімен туған үш баласы бар. УДЗ-да оған бұрын жасалған кесарь тілігінен “плацента тыртыққа айналған” деген диагнозы қойылды. Ұрық жолдасы қуыққа дейін өскен деген күдік болды. Кеше біз жатырдың грыжасын яғни плацентаның жатырға, метропластикаға айналу аймағына төменгі кесір тілігін жасадық, осылайша жатырды сақтап қалдық. Бүгін әйел баласымен, күйеуімен бірге палатада жатыр. Оның жағдайы тұрақты. Салмағы 3135 грамм, бойы 52 сантиметр дені сау қыз бала дүниеге келді. Яғни біз жаңа туған нәресте мен ананың өмірін де, ағзасын да сақтай алдық", - деді жоғары санатты акушер-гинеколог, PHD докторы, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, SunLife МО бас дәрігері Айгүл Дүйсембаева.

№ 3 көпсалалы ауруханада мұндай операциялар бес жылдан бері жасалып келеді. Жүкті әйелдерде плацентаның өсуі жағдайлары өте сирек, бірақ кесарь тілігінің кесірінен соңғы кезде жиі кездеседі. Биыл осындай бес операция жасалып, олар да сәтті өткен.

"Жүктілік кезеңі күрделі өтіп, босану процесі қиын болып, соңында операцияға жату әйел үшін де, хирургтар үшін де физикалық және психоэмоционалдық тұрғыдан оңай емес. Санаулы болса да, мұндай науқастар кездеседі", – деп атап өтті Айгүл Дүйсембаева.

Операция кезінде қолданылған озық технология әйелдің жатырын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл науқастың кейінгі жағдайы мен өмір сапасын үшін өте маңызды. Себебі жатыр тек бала туу қызметін ғана атқарып қоймайды, сонымен қатар жүрек-тамыр мен гормоналды жүйеге де тікелей әсер етеді, дейді дәрігерлер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109