1785

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурсқа өтінім қабылдау 26 қазанда басталады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Волонтер жылын жүзеге асыру шеңберінде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өтеді.

Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет.

«Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 26 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2020 жылғы 15 қараша сағат 09.00-ге дейін жалғасады. Байқау екі кезеңде өтеді: бірінші - qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру, екінші - ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады:

- «Үздік волонтерлік ұйым»

- «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»

- «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін»

- «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»

- «Үздік әлеуметтік көмекші»

- «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»

- «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»

- «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»

- «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»

- «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»

- «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»

- «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»

- «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»

- «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»

- «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»

- «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Конкурстың толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.

Айта кетейік, халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109