3493

Әлеуметтік желілерде «Абайға апаратын жолдар. Қайым Мұхамедханов» тақырыбында тікелей эфир өтті

«Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы аясында танымал абайтанушы Тұрсын Жұртбаймен «Абайға апаратын жолдар. Қайым Мұхамедханов» тақырыбында сұхбат өткізілді.

Жоба аясындағы шаралар тарихи ұлы тұлғаларымызды қоғамдық санада жаңғырту, олардың рухани мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсат етеді.

Шара барысында белгілі ғалым Тұрсын Жұртбай биыл 175 жылдығы тойланған ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың мирасы мен қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі - Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық жолын сөз етті.

«Қайым Мұхамедханұлы абайтану ілімі мен Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, Ы.Мұстанбаевтан кейінгі осылардың көзқарасын қорытып бізге жеткізген тұлға. Қайым біздің 20- ғасырдың орта тұсындағы ортасындағы рухани қормалымыз. Әуезовтен кейінгі Алаш идеясын жалғастырушы тұлға деп есептейміз. Зерттеуші 1951-54 жылы Абайдың өлеңдері шыққаннан кейінгі, текстологияны қалпына келтірумен, редакциялаумен де айналысқан. Сондықтан біз өткен Абай мен бүгінгі, келешек Абайды Қайымның көзқарасы арқылы біліп келеміз. Ол абайтану ғылымында теориялық текстологиялық философиясын ашу жолындағы үлкен еңбек атқарды. Қайымның абайтанудағы ұлы байланыстық орны да осында. Біз Абайды өз бетімізше, Қайымсыз теорияға салатын болсақ, Абай ашылмайтын еді»,- дейді Тұрсын Жұртбай.

Қ.Мұхамедханов Абайдың әндері мен өлеңдерін бала кезінен, бастауыш мектепте оқып жүргенде естіген. Абай лирикасы оны бірден баурап алды. Қ.Мұхамедханов жастайынан кітаптардың библиографиялық сирек кездесетін өлкетану, этнографиялық материалдар жинау, жоғалып бара жатқан қолжазбалар мен жартылай ұмытылған әдебиеттерді зерттеумен айналыса бастады. Сонымен бірге ол Абайдың Мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайын ұйымдастыруға белсенді қатысады. Ол 1940-1951 жылдар аралығында мұражайда жұмыс істеді. Негізгі қордың көптеген ерекше экспонаттарының арасында Абайдың ұлдарымен бірге түскен фотосуреті бар. Бұл мұражай қорына Қайым Мұхамедхановтың арқасында енді, ол экспонатты - 1896 жылы Семейде фотограф Кузнецов түсірген фотосуретті алу туралы актіні жасады.

Сұхбаттың толық нұсқасын Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде (ruhani_elorda парақшасында және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің фейсбук ресми парақшасында) көруге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109