8770

Әкімдікте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы айтылды

#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Antikor Ortalygy алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жылқышиева Жазира Жақсылыққызымен (Instagram, Facebook) әлеуметтік желілерде онлайн-диалог өтті. Тікелей эфир барысында әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендететін бағыттардың бірі - мемлекеттік қызметтерді онлайн-форматқа ауыстыру. Елордада бұл жұмысты жыл соңына дейін 100%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

"Бизнес-үдерістерді оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Бүгінде әкімдік 160 мемлекеттік қызмет көрсетуде, оның 140-ы автоматтандырылған, бұл 88%-ды құрайды. Осы жылдың соңына дейін біз барлық мемлекеттік қызметтерді толық цифрландырғымыз келеді", – деді тікелей эфир барысында Бақтияр Мәкен.

Сонымен қатар, бүгінде денсаулық паспорттарын электронды форматқа көшіру жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инженерлік желілерді цифрландыру жүргізілуде. Бұл бірнеше мәселені шешуге, соның ішінде желідегі жүктемелерді көруге, қала құрылысы процестерін ауыстыруды, болжауды және модельдеуді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, елордада шығындарды оңтайландыруға көп көңіл бөлінеді.

"Мәдени-бұқаралық және имидждік іс-шаралар мен көлемді шығындар қысқартылды, даму бюджеті бойынша шығыстар қайта қаралды. Осылайша, бизнес-процестерді оңтайландыру, қайта ұйымдастыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен 35 млрд теңгеден астам үнемдеу қамтамасыз етілді, олар әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға және азаматтарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Бақтияр Мәкен.

Айта кетейік, елордалық оқушылар қашықтан оқытуға көшкеннен кейін, компьютерлермен және қажетті техникамен толық қамтамасыз етілді. Нұр-Сұлтанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109