3781

ЖРВИ мен COVID-19: иммунитетті қалай нығайтуға болады

Жыл сайын күз-қыс кезеңдері күннің салқындауына және ауадағы ылғалдың жоғарылауына байланысты ЖРВИ жұқтырғандар саны көп байқалады. Сонымен қатар COVID-19-ды жұқтырып алу қаупі де бар. Медициналық көмек көрсету алгоритмдері пысықталды, қызметкерлер covid-19-бен ауыратын пациенттерді емдеу жөніндегі хаттамалармен танысты, карантиндік шаралар енгізілді, халыққа тұмау вакцинациясы және пневмококкты вакцинация жүргізілді, деп атап өтті № 8 қалалық емхананың директоры Айгүл Қасымова бөлісті.

Вирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу үшін халық карантин ережелерін бұзбай, жеке гигиенаны сақтау, қолды жиі жуу, антисептикті пайдалану, маска тағу және қолғап кию қажет. Сондай-ақ, тұмау мен пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация ұсынылады.

"Иммунитетті нығайту үшін жылы киіну керек. Қарт адамдар мен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, өкпе аурулары барлар емханаларда медициналық тексеруден өту керек,
дәрі – дәрмектерді, антиагреганттар-тромбоздың алдын-алуға арналған дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдау қажет. Бұл аспирин, клопидогрел болуы мүмкін. Бұл ретте дәрі-дәрмектерді дәрігердің тағайындауы бойынша қатаң қабылдау қажет", - деп атап өтті Айгүл Қасымова.

Иммунологтар COVID-19 вирусын зерттеу нәтижесінде, он ай ішінде антиденелер қанда 3 айдан 6 айға дейін және одан да көп сақталатыны анықтады. КВИ вирусының бірдей штаммынан аурудың қайталанған жағдайлары тіркелмеген. Алайда, коронавирус инфекциясынан кейін тіркелген жері бойынша дәрігердің бақылауы қажет. Емделушілер оңалту курстарынан өтіп, дененің жағдайын бақылау керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109