3787

Нұр-Сұлтан әкімдігінде жеке инвестициялар есебінен нысандар құрылысы талқыланды

«Kayaturk Group» компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесі талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Ішкі нарықта фабрикалар мен зауыттарға, көтерме сауда және қоймадан тарату орындарына сұраныс бар. Сондықтан қаламыз бен қала тұрғындарына маңызды мұндай нысандарды көптеп ашып жатырмыз. Олардан шығатын өнімді мысалы, жаңа нысандардың құрылысына; ТКШ модернизациясына; инженерлік тораптарды алмастыруға пайдалануға болар еді. Сонымен бірге, тармақталған желілерді салу қажеттігін пандемия да көрсетіп отыр.

«Kayaturk Group» компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесін талқыладық. Холдингтің құрылтайшысы Абдул Насыр Четин - тұрақты жұмыс орындары ашылып,өндіріс жолға қойылатынын атап өтті.

Инвесторлармен жекелеген кездесумен бірге, инвестициялық кеңестер де өткізіп жүрміз. Өңірлік инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жұмыстардың ішінде әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа да жобалар бар. Құрылыс жекменшік қаржыға жүргізіледі. Әр инвестормен жеке жұмыс істеп, пайда болған әкімшілік тосқауылдарды жойып жатырмыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109