1627

Дін саласы мамандарына арналған біліктілікті арттыру семинар-тренингтері өтті

Нұр-Сұлтанда дін саласында жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренингтер өткізілді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне, дін қызметкерлеріне, БАҚ өкілдері мен блогерлерге, сондай-ақ «Дінтану» пәнінің оқытушыларына арналған шараны дін істері басқармасы ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.

Қатысушыларға кездесулер өткізудің жаңа әдістері мен формалары түсіндірілді, тәжірибелі спикерлер көпшілік алдында сөйлеудің тиімді тәсілдерімен, ақпараттық кеңістіктегі діни тақырыптарды қамтудың өзекті мәселелерімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда діни мәселелер бойынша «Сенім телефоны» іске қосылды.

Ақысыз орталықтандырылған 109 нөмірі арқылы елорда тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, діни бірлестіктер, діни ғимараттар мен діни мерекелер туралы ақпарат ала алады. Қажет болса, сіз мамандардан - теологтардан, дінтанушылардан және психологтардан көмек пен кеңес ала аласыз.

Сонымен бірге, заң бұзушылық фактілері және басқа мәселелер бойынша 109 сенім телефонына хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109