3693

Ірі сауда орталықтарында санитарлық нормалардың сақталуы тексеріледі

Бүгін Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау басқармасы, жергілікті полиция қызметі және Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері кезекті рейдке шықты. Бұл жолы бақылаушылар ірі сауда орталықтарын тексерді.

"28 қазанда мобильді топ мүшелері үш сауда ойын-сауық орталығын - "Азия Парк" СОО, "Хан Шатыр" СОО, Mega SilkWay СОО және Мәңгілік Ел даңғылы, 17 үйде орналасқан Korkem Centre сауда үйін тексерді.

"Хан Шатыр"СОО-да бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, Sterling Silver бижутерия дүкені мен Tudors Ерлер киімі дүкенінде сатушы-кеңесшілер маска тағу режимін бұзды", – деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігінде.

Басқа СҮ және фитнес-орталықтарда ескертулер болған жоқ. Сонымен қатар, тексерушілер заңсыздықтардың басым бөлігі кешкі уақытта болатынын атап өтті. Көптеген ойын-сауық орындары жұмыс кестесін бұзады және белгіленген уақыттан кейін ашылады.

"Нұр-Сұлтанда карантин басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін 1600-ге жуық рапорт пен 746 хаттама жасалды. 166 миллион әкімшілік айыппұл салынды", - деп түсіндірді Есіл ауданы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Арман Құрбанов.

Жауапты тұлғалар тағы да сауда орталықтарының қызметкерлерін, ойын-сауық орындарының келушілері мен иелерін санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Бұдан олардың әрі қарай жұмысты жалғастыратыны немесе тоқтатылатыны белгілі болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109