2562

Қазақ агротехникалық университетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған әдеби онлайн конференция өтті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті гуманитарлық факультетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Дәуір Тұлғасы» қалалық көркем-әдеби онлайн конференциясын өткізді.

Шараға ҚазАТУ-дың оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ, ішкі саясат басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері және этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Конференцияда С.Сейфуллин атындағы Қаз АТУ қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Әлия Нұғманова «Ұлт көшбасшысы феноменін қалыптастырудағы Тұңғыш Президенттің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар «Қазақстан жолы» және «Назарбаев моделі» кітаптарының таныстырылымы өтіп, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы мәртебесі туралы» бейнебаяны көрсетілді.

Сондай-ақ университет студенттері қазақ ақындарының Елбасыға арналған өлеңдерін оқыды, Өнер және шығармашылық факультетінің өкілдері, республикалық байқаулардың лауреаттары «Қазақстаным, алға!», «Өсиет», «Қазақ елі» музыкалық шығармаларын орындады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109