1468

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы иесіз, бос қалған жерлердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Биыл елордада 760 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды, бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Келесі жылы да аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Аулаларды, скверлер мен бульварларды жобалауға тұрғындардың қатысуы аса маңызды. Өйткені, олар аулада не орнату керектігін, аумақты қандай аймақтарға бөлу керектігін жақсы біледі. Биыл 760 мың шаршы метр абаттандырылды, бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың оң жағына, сонымен бірге бұрын бос, иесіз жатқан не батпақты жерлерге баса назар аударылды. Осылайша қала картасында жаңа тартылыс нүктелері пайда болды. Келесі жылы да аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырамыз.

Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездестім ("Sun City" ТК, Ғабдуллин к-сі, 11). Қала тұрғындары аулаларын абаттандыруға қатысты идеяларын ұсынды. Көктемге дейін тұрғындардың пікірін ескере отырып, жоба дайындап, көктемде абаттандыруға кірісеміз.

Қыркүйек айында аталған үйде "Нұрлы жер 2020-2025" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасы бойынша лифтілер ауыстырылды. Бір кіреберісте тұрғын үй кешені пайдалануға берілген сәттен бастап, яғни 2009 жылдан бері лифтілер жұмыс істемеді, ал басқалары авариялық жағдайда болды. Адамдар бірнеше рет лифттерде қолып қойып, көмек шақыруға мәжбүр болды. Бірінші кезеңде 100-ден астам лифтіні жаңартуды жоспарлап отырмыз, олардың жартысы жаңартылды.

Аулаларды жобалауға тұрғындардың өздерін тартуға бізге Сарыарқа ауданында пилоттық режимде іске қосылған "бюджетке қатысу" бағдарламасы да көмектесті. Бұл жоба қаланың басқа аудандарында да қолданылып келеді. Осы бағдарлама бойынша тұрғындар аудан әкімдіктеріне өтінім бере алады», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109