3522

Әкімдікте уақытша тіркелген азаматтар үшін дауыс беру ережелері туралы түсіндірді

Сайлаушы тізімін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар дайындайды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың брифингте айтқан сөзі бойынша, тізімге белсенді сайлау құқығы бар: 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында тұрмайтын Қазақстан азаматтары енгізіледі.

Нақтылы сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі болу қажет.

"Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олардың жергілікті атқарушы органдарға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін. Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде 30 күн бұрын, яғни 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні оның тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған учаскеге келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, ол өзі дауыс бере алатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға (ЖАО) оны сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуіне құқылы.
Бұл ретте, ЖАО оны тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беруді жоспарлап отырған сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады", - деп хабарлады Жүсіп Жұмағұлов.

Спикер сондай-ақ, азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізілуі мүмкін екенін еске салды. Әрбір адам сайлаушылар тізімінен өзін-өзі тексеруге және сайлаушылар тізіміне дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарылып тасталғаны, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректерде қателіктің жол берілгені үшін шағымдануына құқылы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109