2134

Көмір сатып алуға төлемді қалай алуға болады

Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төленеді. Әлеуметтік төлем 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (шамамен 160 мың теңге) жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көп балалы отбасыларға жүргізіледі.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi ( 44 448 теңге). Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.

Карантин шараларын сақтау мақсатында (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші электронды үкіметтің веб-порталы (egov.kz) арқылы келесі құжаттар қоса берілген өтінішпен жүгінуге болады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

3) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

4) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;

5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.

6) банктік шот туралы мәлімет.

Сұрақтарыңыз болса келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызға болады:
- Филаретова Инна Юрьевна Алматы ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 158 08 53;

- Жанұзақова Құралай Серікқызы Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 705 468 50 01;

- Жүндібаева Нұргүл Қасымжанқызы Есіл ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 433 93 36;

- Станбаева Салтанат Дүйсенқызы Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 961 09 68.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109