1435

«Жас сарбаздар» ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың ауласын қардан тазалады

«ЭКО ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында жас сарбаз белсенділері елордадағы ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты қарттарға ауласын қардан тазалап, отын жарып, көмек көрсетті.

«Елордамызда еріктілердің көмегіне мұқтаж жандар көп. Әсіресе қыстың қаһарына мінген сәтінде, жер үйде тұратын ардагерлеріміз, жалғызбасты аналар, апаларымыз ауласын қардан тазалай алмай отырады. Осыған орай биыл, жалпы Республикалық «ЭКО ҚАЗАҚСТАН» акциясын «Жас сарбаз» ұйымының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы бірінші болып бастап, бір күн ішінде 4 мекен-жайға барып ауласын тазалап, қыстық отын жарып көмектесіп қайттық. Акция аясында көмекке мұқтаж барша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қол ұшын созатын боламыз. Біздің қатарымызға қосылып, игі іс жасаймын дейтін жандарға есігіміз ашық. Қыстың қаһары басталған сәтте, жұдырықтай жұмылып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берейік» - дейді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Айта кетейік, акцияны «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ҚР ҚК әскери-патриоттық орталығының қолдауымен
19-20 қараша күндері өткізуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109